2026 жылғы 30 қыркүйекте Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес Ертіс ауданының білім бөлімі мамандары мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған онлайн-форматтағы диалог алаңы өткізілді.
Кездесуге қатысушылар білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларындағы өзгерістермен танысып, практикалық ұсынымдар мен өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
Сондай-ақ Департамент мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 бұйрығы негізінде 2027 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Департамент басшысы Г.К. Уздембаева білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды белгілеп, басшылардың назарын білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында педагогикалық әдепті сақтау қажеттілігіне аударды.








