ҚАТЕ НЕМЕСЕ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

    Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да төлемді қате не артық төлеп қойдыңыз ба? Мұндай соманы қайтаруға немесе тиісті төлемге есепке жатқызуға болады.
    Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдың артық немесе қате төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
    Өтінішті қалай беруге болады?
    Салықтық өтінішті Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы электронды түрде беруге болады.
    Қайтару қалай жүргізіледі?
    Қайтаруға жататын сома салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банктік шотына аударылады.
    Салықтық берешек болмаған жағдайда артық төленген соманы қайтару салықтық өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
    Егер салық төлеушінің салықтық берешегі болса, артық төленген сома алдымен қолда бар берешекті өтеуге есепке жатқызылады. Қалған сома болған жағдайда оны қайтаруға болады.
    Қате төленген сома дегеніміз не?
    Мысалы:
    төлемнің БСК немесе ТТК (КНП) дұрыс көрсетілмесе;
    төлем басқа мемлекеттік кірістер органына аударылса;
    тұлға осы салық немесе төлем түрі бойынша төлеуші болып табылмаса;
    банк төлем құжатын қате орындаса.
    Маңызды: «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі e-Otinish арқылы көрсетілмейді.
    Салықтық өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары