САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ

    Егер дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өз қызметін уақытша жүзеге асырмаса, белгілі бір кезеңге салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруға болады.
    Кімдер тоқтата тұра алады?
    Салық төлеуші (салық агенті) ҚР Салық кодексінің 117-бабында белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы өтініш беруге құқылы.
    Бұл ретте салық салу объектілері бар салықтар бойынша тиісті салық есептілігін ұсыну міндеті сақталады.
    Өтінішті СТК ИСНА арқылы қалай беруге болады?
    1️⃣ СТК ИСНА-ға ЭЦҚ арқылы кіріңіз.
    2️⃣ «Құжатты беру» бөлімін таңдаңыз.
    3️⃣ Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы салықтық өтінішті табыңыз.
    4️⃣ Тоқтата тұрудың қажетті кезеңін көрсетіңіз.
    5️⃣ Өтінішті қалыптастырып, ЭЦҚ-мен қол қойып, жіберіңіз.
    Қандай жағдайларда бас тартылады?
    Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан:
    - салық берешегі немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған кезде;
    - салық төлеуші әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген жағдайда;
    - мемлекеттік кірістер органдарының орындалмаған хабарламалары болған кезде бас тартылады.
    Маңызды!
    Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып табылмайды.
    Белгіленген кезең аяқталғаннан кейін салық есептілігін ұсыну қайта жалғастырылады.
    Өтініш бермес бұрын салық берешегінің және орындалмаған хабарламалардың бар-жоғын тексеру ұсынылады.
    Негіздеме: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 117-бабы.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары