Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу базасына тиісті мөлшерлемені қолдану арқылы дербес есептейді.
Қандай мөлшерлемелер қолданылады?
заңды тұлғалар үшін жалпы мөлшерлеме – 1,5%;
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар үшін – 0,5%;
әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін – 0,1%.
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға Салық кодексінің 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар жатады. Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы тиісті қызметтен алынатын кірістер ұйымның жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90%-ын құрауы тиіс.
Мүлік салығы қалай есептеледі?
Салық төлеуші мүлік салығының сомасын салық салу базасына тиісті мөлшерлемені қолдану арқылы дербес есептейді.
Бұл ретте ағымдағы төлемдер салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша салық салу объектілерінің баланстық құны негізінде есептеледі.
701.01 СЕН бойынша маңызды ақпарат
2026 жылдан бастап заңды тұлғада мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу, сондай-ақ 701.01 СЕН-ді ұсыну міндеті мүлік салығының есептік сомасы 300 АЕК-тен асқан жағдайда ғана туындайды.
2026 жылы 300 АЕК – 1 297 500 теңге.
Егер мүлік салығының есептік сомасы 300 АЕК-тен аспаса, 701.01 СЕН-ді ұсыну және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу міндеті туындамайды.
Тиісті міндеттеме болған жағдайда мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер:
25 ақпаннан;
25 мамырдан;
25 тамыздан;
25 қарашадан кешіктірілмей төленеді.
Осылайша, мүлік салығын есептеу кезінде жылжымайтын мүліктің болуын ғана емес, салық төлеушінің санатын, қолданылатын салық режимін, тиісті салық мөлшерлемесін және есептік салық сомасының мөлшерін ескеру қажет.
#законипорядок
#заңментәртіп
МҮЛІК САЛЫҒЫ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?
Ұқсас материалдар

Мектеп ұжымдарына тәуекел топтағы балалармен жұмыс істеу тәсілдері түсіндірілуде
ҚР ТҚОАшу
Төлеби ауданындағы жекеменшік мектептерге семинар өткізілді
ҚР ТҚОАшу
Халықтың назарына
Абай ауданының әкімдігіАшу
олтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері ауданға жұмыс сапарымен келді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАшу
"Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшуҚАТЕ НЕМЕСЕ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ - 1 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшуФИСКАЛДЫҚ ЧЕКТІ ТАЛАП ЕТІҢІЗ!
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу