Жалған құжаттар — зейнетақы төлемдерін қайта қарауға негіз!

    Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жалған құжаттарды ұсынуға және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер беруге жол берілмейді.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілін, табысты және міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын растайтын құжаттар мен мәліметтер міндетті түрде тексеріледі.

    Тексеру нәтижесінде құжаттардың жалған екені немесе еңбек өтілі мен өзге де мәліметтердің расталмағаны анықталған жағдайда, зейнетақы төлемдерінің мөлшері қайта қаралуы мүмкін. Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін азайтуға әкеп соғады.

    Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес қайтарылуға жатады. Құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, заңнамада белгіленген жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін.

    Азаматтарды зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде тек шынайы әрі расталған құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға шақырамыз.

    Заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары