«Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау және оларға куәліктер беру» Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және оларға куәліктер беру туралы кейбір мәселелер» қаулысы табылады. Заң азаматтардың мәртебесін және көпжылдық ядролық жарылыстардың әсеріне ұшыраған аумақтардың жіктелуін белгілейді, өтемақы түрлерін, жеңілдіктер мен аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шараларды айқындайды. Осы Заңның күші Семей облысының аудандары мен қалаларында, сондай-ақ ядролық қаруды сынау салдарынан радиоактивті заттармен ластанған Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тиісті аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады. Тиімді эквивалентті сәулелену дозасының мөлшеріне байланысты ластанған аумақтар мынадай аймақтарға бөлінеді: төтенше радиациялық қауіпті аймақ; ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ; жоғары радиациялық қауіпті аймақ. Біздің өңірде бұл – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, бұрынғы Қазыбек би ауданының аумағына қарасты, қазіргі Егіндібұлақ өңірі; ең төменгі радиациялық қауіпті аймақ. Біздің өңірде бұл – Қарқаралы қаласы және оған іргелес аумақтар; жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады: 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі кезеңде әуедегі және жерүсті ядролық жарылыстар жүргізілген, сондай-ақ 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде жерасты ядролық жарылыстары жүргізілген радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтар; 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтар. Жоғарыда көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға тұрған әрбір жылы үшін, тұратын аймағына байланысты ядролық сынақтар салдарынан келтірілген зиянды өтеу мақсатында біржолғы ақшалай өтемақы төленуіне кепілдік беріледі. 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, тұратын, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін арнайы комиссиялар құрылады. Тиісті радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарға мыналар жатады: Архивтік анықтамалар, халық депутаттары ауылдық, кенттік Кеңестерінің, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер меншік иелері кооперативтерінің анықтамалары; Еңбек кітапшасы; Оқу орнын бітіргені туралы диплом; Әскери билет; Туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат. Ұсынылатын анықтамалар ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделуге немесе бұрыштық мөртаңбасы болуы тиіс. Анықтамада тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетілуі қажет. Сондай-ақ анықтаманы беруге негіз болған құжат, анықтамаға қол қойған тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөнінің бас әріптері көрсетіліп, анықтаманы берген ұйымның мөрімен расталуы тиіс. Мысалы, оқу туралы анықтама беруге негіз ретінде білім алушылардың алфавиттік кітабы, табельдер, білім алушыларды оқуға қабылдау және оқу орнын аяқтау туралы бұйрықтар кітабы пайдаланылуы мүмкін. Аттестат немесе аттестаттарды беру кітабы оқу туралы анықтама беруге негіз бола алмайды, өйткені оларда оқудың толық кезеңі көрсетілмейді. Егер тұрған фактісі мен кезеңін растайтын архивтік және өзге де құжаттар сақталмаған болса, азамат ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрған заңдық фактіні және оның кезеңін анықтау туралы арызбен тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады. Арнайы комиссия азаматқа Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлға ретінде жеңілдіктер мен өтемақы алуға құқығын растайтын куәлік береді және өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға куәліктің макетін жолдайды. Сонымен қатар төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төменгі радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтарда тұратын халықтың қосымша еңбекақы алуға және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысына шығуға құқығы бар. Бұл құқықтар да азаматтың тұратын аймағының жіктелуіне байланысты айқындалады. Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер қалыпты босану кезінде ұзақтығы 170 күнтізбелік күн болатын жүктілікке және босануға байланысты демалыс алуға құқылы. Ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын 18 жасқа дейінгі балалар медициналық көрсетілімдер болған жағдайда санаторийлік-сауықтыру мекемелерінде тегін сауықтырудан өтуге құқылы. Осымен менің баяндамам аяқталды. Назарларыңызға рақмет! Көп рақмет! Мамбаева Назима Жүсіпқызы, бас маман.
ЖӘНІБЕК НӨПІРОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров государственный орган аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1999–2001 жылдары Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында бастаған. 2001–2006 жылдары — Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің құрылымдарында түрлі қызметтер атқарды. 2006–2007 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2007–2008 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі департаменті директорының орынбасары. 2008–2010 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі департаментінің директоры. 2010–2013 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2013–2016 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты. 2016–2017 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің сектор меңгерушісі. 2017–2019 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2019–2022 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы. 2022-2023 жж. — «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-да басшылық лауазымдар. 2023 жылы — «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2023–2024 жылдары — Қаржы министрлігі департаментінің директоры. 2024–2025 жылдары — Ұлытау облысы әкімінің орынбасары. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры.
АЙНҰР ӘБДІРАХМАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған. 2007–2008 жылдары — Ақмола облысы Целиноград ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, бастығының м.а., бастығы. 2008–2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2014–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік қолдау басқармасының бас сарапшысы. 2017–2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы. 2020–2022 жылдары — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарма басшысы, бас сарапшысы. 2022–2024 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін лицензиялау 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Бұл шара көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды күшейтуге бағытталған. Арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға көрсетіледі. Мұндай қызметтерді алушыларға мүгедектігі бар адамдар, қарт азаматтар, мүгедектігі бар балалар, бөгде адамның күтіміне мұқтаж адамдар және заңнамада көзделген халықтың басқа да санаттары жатады. Лицензиялауға стационарлық, жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жатады. Әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер лицензия алу үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, ұйымның тиісті үй-жайлары, қажетті материалдық-техникалық базасы, білікті мамандары болуы, сондай-ақ санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет. Лицензияларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті береді. Лицензия алу үшін ұйым «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы электрондық форматта өтініш береді. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды және ұйымның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Лицензиялау тек формальды рәсім емес, әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету тетігі екенін атап өткен жөн. Оның негізгі мақсаты – қызмет алушыларға қауіпсіз жағдайда тұру мен қызмет көрсетуді, кәсіби күтімді, құрметпен қарауды және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Осылайша, лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілердің жауапкершілігін арттыруға, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге және мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қарағанды облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының кездесуі өтті 2026 жылғы 4 қарашада Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру мақсатында өңірге келген ақпараттық-насихат тобының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттық корпус, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қарағанды облысының белсенді азаматтары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды кеңінен талқылау, еліміздің алдағы даму кезеңіндегі негізгі міндеттерді түсіндіру және оларды практикалық іске асыруда өңірлердің рөлін айқындау болды. А қпараттық-насихат тобының құрамына Құрылтайының депутаты , мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері кірді: Аймағамбетов Асхат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы; Жазы қ баев Бахтияр Базарбайұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облыстық ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы, «Қарағанды облысының бочча федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі; Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы – мемлекет және қоғам қайраткері; Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы; Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қарағанды қаласының білім бөлімінің «Кәусар» мектеп оқушылары сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Кездесу барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Күн тәртібінде әлеуметтік сала мәселелеріне айрықша орын берілді. Өйткені әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау бағыттарында қабылданатын шешімдердің тиімділігі азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері болды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, қолжетімді орта қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер көрсету тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Базарбайұлы Жазы қ баевтың іс-шараға қатысуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді және мемлекеттік әлеуметтік саясатты өңірлік деңгейде жүйелі түрде іске асырудың маңыздылығын кеңінен талқылауға мүмкіндік берді. Ашық диалог барысында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты, шешімін қажет ететін мәселелерді көтеріп, одан әрі бірлескен жұмысты талап ететін бағыттарға назар аударды. Қоғамдық бірлестіктер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуы да ерекше маңызға ие болды. Олар қоғамдық даму, әлеуметтік жауапкершілік, халықтың әртүрлі санаттарының мүдделерін қорғау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне қатысты тәжірибелік пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-насихат тобы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен, сондай-ақ «Мэйкер» ЖШС ұжымымен кездесулер өткізді. Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерді бірізді түсінуге, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді. Мемлекет басшысының Жолдауы – бұл стратегиялық бағдарларды айқындау ғана емес, сонымен қатар барлық деңгейде жүйелі әрі үйлесімді жұмысты талап ететін нақты міндеттер. Оларды іске асыру мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың және әрбір бейжай қарамайтын азаматтың белсенді қатысуын көздейді. А қпараттық-насихат тобының өткен кездесу өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, пікір алмасуға және Қарағанды облысы халқының әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НП Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары заңнамада белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұру фактісінің өзі оның осы құқықты іске асырудан бас тартуға негіз бола алмайды. Зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, бюджет қаражаты есебінен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемін, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылатын төлемдерді қамтиды. Төлемдердің әрбір түрі заңнамада көзделген талаптарға сәйкес тағайындалады. Ең алдымен, зейнеткерлік жасқа назар аудару қажет. Қазақстанда жалпы белгіленген зейнеткерлік жас ерлер үшін – алпысүш жас, әйелдер үшін – алпысбір жас. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін заңнамада зейнеткерлікке шығудың арнайы шарттары көзделген. Зейнетақы тағайындау кезінде бір мың тоғыз жүз тоқсансегізінші жылғы бірінші қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес зейнетақы жүйесіне қатысу және міндетті зейнетақы жарналары ескеріледі. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. Өтініш берушінің атынан нотариат куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі де өтініш бере алады. Негізгі құжаттарға өтініш пен жеке басты куәландыратын құжат жатады. Нақты жағдайға байланысты еңбек кітапшасы, архивтік анықтамалар, білім туралы құжаттар, әскери қызметті растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және еңбек өтілінің тиісті кезеңдерін растайтын басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін. Егер еңбек кітапшасы болмаса, онда қателер анықталса немесе қажетті жазбалар толық көрсетілмесе, еңбек өтілі архивтік анықтамалармен және заңнамада көзделген басқа да құжаттармен расталуы мүмкін. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар, қажет болған жағдайда, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, апостиль қойылуға немесе заңдастыру рәсімінен өтуге тиіс. Шет тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге, белгіленген тәртіппен ұсынылады. Өтініш беру күні зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде маңызды екенін ескерген жөн. Сондықтан қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, әсіресе Қазақстаннан тыс жерде жүрген азаматтарға өтініш беру тәртібін алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Сонымен қатар жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы н дағы зейнетақы жинақтарын алу тәртібінің айырмашылығын ескеру қажет. Бұл төлемдер бойынша жеке рәсімдер қарастырылған. Өтініш беру және төлемдерді алу тәртібін нақты жағдайға және қолданыстағы қағидаларға сәйкес анықтау қажет. Құрметті азаматтар! Егер сіз Қазақстаннан тыс жерде тұрсаңыз және зейнеткерлік жасқа жақындасаңыз, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алдын ала тексеріп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе уәкілетті органдарға ресми кеңес алу үшін жүгінуді ұсынамыз. Ең бастысы – шетелде тұру фактісінің өзі Қазақстан азаматын заңнамада белгіленген талаптарды орындаған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру құқығынан айырмайды. https://www.instagram.com/reel/DfTpSOAoUot/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA ==