Зейнетақы тағайындау кезінде мүгедек баланы күту уақыты еңбек өтіліне есептеледі ме?

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде мүгедек баланы күту уақыты еңбек өтіліне есептеледі ме?

    Жауап

    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы күтіп-бағу уақыты, сондай-ақ бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасау уақыты есептеледі.

    Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін (олардың болуына қарай) растайтын құжаттарға: бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және бөгденің көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісі мен уақытын растайтын сот шешімі жатады.

    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы туралы мәліметтер мемлекеттік АЖ (ақпараттық жүйелер) расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.

    Ұқсас материалдар