«Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау және оларға куәліктер беру»

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    «Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау және оларға куәліктер беру»

    Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және оларға куәліктер беру туралы кейбір мәселелер» қаулысы табылады.

    Заң азаматтардың мәртебесін және көпжылдық ядролық жарылыстардың әсеріне ұшыраған аумақтардың жіктелуін белгілейді, өтемақы түрлерін, жеңілдіктер мен аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шараларды айқындайды.

    Осы Заңның күші Семей облысының аудандары мен қалаларында, сондай-ақ ядролық қаруды сынау салдарынан радиоактивті заттармен ластанған Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тиісті аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады.

    Тиімді эквивалентті сәулелену дозасының мөлшеріне байланысты ластанған аумақтар мынадай аймақтарға бөлінеді:

    • төтенше радиациялық қауіпті аймақ;
    • ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ;
    • жоғары радиациялық қауіпті аймақ. Біздің өңірде бұл – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, бұрынғы Қазыбек би ауданының аумағына қарасты, қазіргі Егіндібұлақ өңірі;
    • ең төменгі радиациялық қауіпті аймақ. Біздің өңірде бұл – Қарқаралы қаласы және оған іргелес аумақтар;
    • жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ.

    Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:

    • 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі кезеңде әуедегі және жерүсті ядролық жарылыстар жүргізілген, сондай-ақ 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде жерасты ядролық жарылыстары жүргізілген радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтар;
    • 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтар.

    Жоғарыда көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға тұрған әрбір жылы үшін, тұратын аймағына байланысты ядролық сынақтар салдарынан келтірілген зиянды өтеу мақсатында біржолғы ақшалай өтемақы төленуіне кепілдік беріледі.

    1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, тұратын, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін арнайы комиссиялар құрылады.

    Тиісті радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарға мыналар жатады:

    1. Архивтік анықтамалар, халық депутаттары ауылдық, кенттік Кеңестерінің, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер меншік иелері кооперативтерінің анықтамалары;
    2. Еңбек кітапшасы;
    3. Оқу орнын бітіргені туралы диплом;
    4. Әскери билет;
    5. Туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат.

    Ұсынылатын анықтамалар ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделуге немесе бұрыштық мөртаңбасы болуы тиіс. Анықтамада тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетілуі қажет. Сондай-ақ анықтаманы беруге негіз болған құжат, анықтамаға қол қойған тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөнінің бас әріптері көрсетіліп, анықтаманы берген ұйымның мөрімен расталуы тиіс.

    Мысалы, оқу туралы анықтама беруге негіз ретінде білім алушылардың алфавиттік кітабы, табельдер, білім алушыларды оқуға қабылдау және оқу орнын аяқтау туралы бұйрықтар кітабы пайдаланылуы мүмкін. Аттестат немесе аттестаттарды беру кітабы оқу туралы анықтама беруге негіз бола алмайды, өйткені оларда оқудың толық кезеңі көрсетілмейді.

    Егер тұрған фактісі мен кезеңін растайтын архивтік және өзге де құжаттар сақталмаған болса, азамат ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрған заңдық фактіні және оның кезеңін анықтау туралы арызбен тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.

    Арнайы комиссия азаматқа Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлға ретінде жеңілдіктер мен өтемақы алуға құқығын растайтын куәлік береді және өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға куәліктің макетін жолдайды.

    Сонымен қатар төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төменгі радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтарда тұратын халықтың қосымша еңбекақы алуға және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысына шығуға құқығы бар. Бұл құқықтар да азаматтың тұратын аймағының жіктелуіне байланысты айқындалады.

    Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер қалыпты босану кезінде ұзақтығы 170 күнтізбелік күн болатын жүктілікке және босануға байланысты демалыс алуға құқылы.

    Ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын 18 жасқа дейінгі балалар медициналық көрсетілімдер болған жағдайда санаторийлік-сауықтыру мекемелерінде тегін сауықтырудан өтуге құқылы.

    Осымен менің баяндамам аяқталды. Назарларыңызға рақмет! Көп рақмет!

    Мамбаева Назима Жүсіпқызы, бас маман.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЖӘНІБЕК НӨПІРОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    ЖӘНІБЕК НӨПІРОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров государственный орган аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды э...

    ЖаңалықтарАяқталды

    АЙНҰР ӘБДІРАХМАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    АЙНҰР ӘБДІРАХМАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетін,...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялау

    Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін лицензиялау 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Бұл шара көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, меншік...

    КездесуАяқталды

    Қарағанды облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының кездесуі өтті

    Қарағанды облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының кездесуі өтті 2026 жылғы 4 қарашада Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін талқылау және түсіндір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі

    Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НП Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары заңнамада белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік базалық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    «18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз ақаулар мен аурулардың тізбесі»

    18 жастан асқан адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 7-1-қосымшасына сәйкес, қайтымсыз ақаулары мен аурулары болған жағдайда қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік тобын белгілеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қайтымсыз ақаулардың қандай түрлері болған кезде I, II немесе I...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Президент Жолдауындағы әлеуметтік саланың міндеттері

    Президент Жолдауындағы әлеуметтік саланың міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға ерекше мән беріледі. Әлеуметтік...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңа Конституция — әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтары

    Жаңа Конституция — әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтары Конституциялық өзгерістер қоғам өмірінің маңызды мәселелерін қамтиды. Олардың қатарында адам құқықтарын қорғау, отбасын қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Мемлекеттің әлеуметтік бағыттылығы — әрбір ада...