Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялау

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін лицензиялау

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.

    Бұл шара көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды күшейтуге бағытталған.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға көрсетіледі. Мұндай қызметтерді алушыларға мүгедектігі бар адамдар, қарт азаматтар, мүгедектігі бар балалар, бөгде адамның күтіміне мұқтаж адамдар және заңнамада көзделген халықтың басқа да санаттары жатады.

    Лицензиялауға стационарлық, жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жатады.

    Әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер лицензия алу үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, ұйымның тиісті үй-жайлары, қажетті материалдық-техникалық базасы, білікті мамандары болуы, сондай-ақ санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет.

    Лицензияларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті береді.

    Лицензия алу үшін ұйым «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы электрондық форматта өтініш береді. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды және ұйымның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

    Лицензиялау тек формальды рәсім емес, әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету тетігі екенін атап өткен жөн. Оның негізгі мақсаты – қызмет алушыларға қауіпсіз жағдайда тұру мен қызмет көрсетуді, кәсіби күтімді, құрметпен қарауды және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.

    Осылайша, лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілердің жауапкершілігін арттыруға, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге және мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    «Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау және оларға куәліктер беру»

    «Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау және оларға куәліктер беру» Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ поли...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЖӘНІБЕК НӨПІРОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    ЖӘНІБЕК НӨПІРОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров государственный орган аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды э...

    ЖаңалықтарАяқталды

    АЙНҰР ӘБДІРАХМАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    АЙНҰР ӘБДІРАХМАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетін,...

    КездесуАяқталды

    Қарағанды облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының кездесуі өтті

    Қарағанды облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының кездесуі өтті 2026 жылғы 4 қарашада Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін талқылау және түсіндір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі

    Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НП Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары заңнамада белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік базалық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    «18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз ақаулар мен аурулардың тізбесі»

    18 жастан асқан адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 7-1-қосымшасына сәйкес, қайтымсыз ақаулары мен аурулары болған жағдайда қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік тобын белгілеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қайтымсыз ақаулардың қандай түрлері болған кезде I, II немесе I...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Президент Жолдауындағы әлеуметтік саланың міндеттері

    Президент Жолдауындағы әлеуметтік саланың міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға ерекше мән беріледі. Әлеуметтік...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңа Конституция — әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтары

    Жаңа Конституция — әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтары Конституциялық өзгерістер қоғам өмірінің маңызды мәселелерін қамтиды. Олардың қатарында адам құқықтарын қорғау, отбасын қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Мемлекеттің әлеуметтік бағыттылығы — әрбір ада...