». Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуге құқығы бар.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы ақпан айында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификацияланды.Аталған Конвенцияның 9-бабына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмір сүруіне және өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуына мүмкіндік жасау мақсатында қатысушы мемлекеттер олардың басқа адамдармен тең дәрежеде физикалық ортаға, көлікке, сондай-ақ басқа да нысандар мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды.Бұл шаралар қолжетімділікке кедергі келтіретін тосқауылдар мен бөгеттерді анықтауды және жоюды қамтиды. Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан, ғимараттар мен құрылыстарға, білім беру және медициналық мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге және басқа да нысандарға қатысты қолданылады.Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» атты ҚР ЕЖ 3.06-01-2011 құрылыс нормаларында белгіленген.Ал нысандарды жобалау кезінде қолданылатын шешімдер мен қажетті параметрлер Қазақстан Республикасының «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» атты ҚР ЕЖ 3.06-101-2012* ережелер жинағында көрсетілген. Департаменттің негізгі функцияларының бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.Мемлекеттік бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу түрінде жүзеге асырылады.Енді нысандардың қолжетімділігіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық.
Біріншіден, есіктердің ені кемінде 90 сантиметр болуы қажет.
Екіншіден, табалдырықтардың биіктігі 1,4 сантиметрден аспауы тиіс.
Үшіншіден, пандустардың ені кемінде 120 сантиметр болуы керек.
Сондай-ақ, пандустың көлбеулігі 5 пайыздан аспауы қажет. Ерекше жағдайларда, көтерілу биіктігі 80 сантиметрден аспаған кезде, көлбеулік 8 пайызға дейін болуы мүмкін. алпандус тұтқаларының биіктігі 70-тен 90 сантиметрге дейін болуы тиіс, баспалдақ тұтқаларының биіктігі шамамен 90 сантиметр болуы тиіс. тұтқалардың диаметрі 3,5-тен 4,5 сантиметрге дейін болуы қажет, тұтқалардың көлденең бағыттағы шығыңқы бөлігі 30 сантиметр болуы тиіс.
Ашық баспалдақтың алдында тактильді жолақ орнатылуы қажет. Оның ені 30-дан 50 сантиметрге дейін, ал баспалдақ шетінен қашықтығы 60-тан 80 сантиметрге дейін болуы керек. Тағы бір талап ол турникеттерге қатысты, өту жолының ені кемінде 120 сантиметр болуы тиіс.Осы талаптардың барлығы мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіз қозғалуына, ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруіне және оларды өз бетінше пайдалануына жағдай жасауға бағытталған.Енді заңнамада көзделген жауапкершілікке тоқталайық.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, олардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз етпеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Атап айтқанда, айыппұл мөлшері:
- лауазымды адамдарға – 50 айлық есептік көрсеткіш;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120 айлық есептік көрсеткіш;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 айлық есептік көрсеткіш;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.
- Құрметті эфир көрермендері! Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру – тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматқа тең мүмкіндік берудің, оның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеудің маңызды көрінісі.Сондықтан әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қолжетімділік талаптарын сақтау баршамыз үшін маңызды.









