САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

    1 / 5
    Сарыағаш ауданында елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
    Дарбаза елді мекеніндегі Қойгелді көшесінде және 51-разъезд елді мекенінде балалар ойын алаңшаларының құрылысы толық аяқталды. Аталған нысандардың құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстарды ЖК «Сәулет 2012» жүзеге асырды.
    Аудан әкімі А.Абдуллаев аталған елді мекендерге жұмыс сапары басырында нысанның құрылыс сапасы, орнатылған ойын құрылғыларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене белсенділігін арттыруға және олардың қауіпсіз ортада демалуына мүмкіндік беруі қажеттігін ескертті.
    Аталған жұмыстар елді мекендерінің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызмет
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары