Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдап, қабылдау барысында мемлекеттік аттестаттаудан өту мәселесі қаралды.
Кездесу барысында өтініш беруші мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі, негізгі талаптары мен бағалау критерийлері, оны өткізу кезеңдері, сондай-ақ аталған рәсімді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты өзін қызықтырған сұрақтарды қойды.
Департамент басшысы өтінішті тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер берді. Атап айтқанда, мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, қойылатын талаптар мен оны өту ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік аттестаттау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге, заңнамада белгіленген талаптардың сақталуына және бағалаудың объективті жүргізілуіне ерекше назар аударылды.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша өтініш берушіге тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







