2026 жылғы 9 қарашада Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары «Атамекен» Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған диалог алаңының жұмысына қатысты.

    1 / 2

    2026 жылғы 9 қарашада Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары «Атамекен» Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған диалог алаңының жұмысына қатысты. Кездесуге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылтайшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
    Кездесу бағдарламасына сәйкес, Департамент өкілдері өзекті мәселелер бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мектепке дейінгі ұйымдарды алдағы лицензиялау рәсіміне қатысты проблемалық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Ағымдағы жылдың басынан бастап Департамент тарапынан жүйелі негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Аталған мәселе Департаменттің тұрақты бақылауында.
    Фото: Александр Вервекин, «Атамекен» ҰКП-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары