06.11.2026 жылы Талас ауданының әкімі Нұрбол Әбдімажитұлының қатысуымен аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарымен қорытынды кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2023 жылдан бері бірлесе атқарылған жұмыстар қорытындыланып, депутаттардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
VIII шақырылым кезеңінде 64 мәслихат сессиясы өткізіліп, тұрғындардың өзекті мәселелеріне қатысты 250-ге жуық депутаттық сауал жолданған. Депутаттар жергілікті бюджетті, түрлі бағдарламалар мен маңызды шешімдерді қабылдауда қолдау көрсетіп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жеткізу бағытында белсенділік танытты.
Кездесуде аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы депутаттардың халық мүддесі жолындағы еңбегіне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мен нәтижелі әріптестігі үшін алғысын білдірді
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









