ҚАӘ мен Air Astana ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

    1 / 3

    Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) Air Astana әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, еліміздің әуежайларында әуе кемелерінің құстармен соқтығысу қаупіне байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқылады.

    Кездесу барысында Air Astana өкілдері әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайлары бойынша статистикалық деректерді ұсынып, әуе компаниясының операциялық қызметінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтті.

    Сонымен қатар тәуекелдерді бағалау тәсілдерін жетілдіру, деректерді жинау және осындай оқиғалар туралы ақпарат ұсынудың бірыңғай форматын әзірлеу қажеттігіне назар аударылды.

    Сондай-ақ қатысушылар құстар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі Ұлттық комитеттің алдағы отырысына дайындық мәселелерін және оның аясында қарауға ұсынылатын негізгі мәселелерді талқылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәуекелдерді төмендетуге және Қазақстан Республикасында ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды әзірлеу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның, әуе кемелерін пайдаланушылар мен әуежайлардың өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары