Түркістан облысында оқушылар арасында есірткіге қарсы спорттық жарыс өтті

    Түркістан облысында жастарды спортқа баулу және есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыруға бағытталған спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтіп жатқан «Есірткісіз болашақ» атты онкүндік профилактикалық іс-шараның шеңберінде жүзеге асты.
    Оны Сайрам аудандық полиция басқармасы, прокуратура мен спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа 150-ден астам оқушы жиналды. Қатысушылар футбол мен үстел теннисі бойынша сынға түсіп, командалық ойын мен жеке шеберліктерін көрсетті.
    Спартакиада барысында оқушылар тек спорттық бәсекеге түсіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынас орнатты. Ұйымдастырушылар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды бұқаралық спортқа тарту және зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
    Айта кетейік есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар аясында жастардың қатысуымен спорттық, танымдық және түсіндіру бағытындағы іс-шаралар жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары