Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында форум өтті.
Форум барысында қатысушылар есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері жөнінде ой бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Шараның мазмұнын аша түскен ерекше сәттердің бірі полицейлерден құралған – «Арна-бэнд» тобының арнайы дайындаған әндік тартуы болды. Өнер ұжымы өз өнерлері арқылы жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Сонымен қатар, форум аясында есірткінің зардабы мен оның адам тағдырына тигізетін ауыр салдарын бейнелейтін жүрек тебірентер қойылым ұсынылды. Әсерлі сахналық көрініс көрермендердің көңіліне ой салып, есірткінің кесірінен талай тағдырдың талқандалатынын терең сезіндірді.
Өз кезегінде жас сақшылар да форумға белсенді қатысып, үлестерін қосты. Олар өскелең ұрпаққа үлгі бола отырып, есірткісіз қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ жауапкершіліктің маңызын көрсетті.
«Есірткісіз болашақ» форумы – тек ақпараттық шара ғана емес, жастарды саналы өмірге, жауапкершілікке және жарқын келешекке жетелейтін маңызды бастама
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









