Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 3-тоқсанындағы қызметі туралы есебі

    Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    2026 жылдың 3 тоқсанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі 2 семинар өткізді, олардың бірі Департамент қызметкерлерімен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қызметтік әдеп стандарттары бойынша ұйымдастырылды. Семинарда Әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жұмыс орнындағы және әлеуметтік желілердегі киім үлгісі (дресс-код) мен қарым-қатынас мәдениетін сақтау мәселелері қарастырылды.
    Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, аттестаттау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, рәсімдердің ашықтығы және ақша қаражатын жинау фактілерінің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Департаментте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оның жолын кесу, заңнама бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жасалуда. Бұдан басқа, департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен артық жұмыс уақытына, оның ішінде мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар туралы барлық ақпарат департаменттің сайтында, Фейсбук және Инстаграм парақшаларында орналастырылды.
    Есептік кезеңде Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы және мүдделер қақтығысын бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелделеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

    Бұйрық

    2027 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы

    Есеп

    Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2026 жылғы III тоқсанда азаматтарды жеке қабылдауын өткізу туралы есебі

    2026 жылғы III тоқсанда Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы азаматтарды екі рет жеке қабылдау өткізді, оның шеңберінде білім беру мекемелерінің өкілдері мен азаматтардың білім...

    Есеп

    Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылғы 3 тоқсан бойынша білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі

    Павлодароблысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің2026 жылғы 3 тоқсан бойыншабілімсапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі Мемлекеттік бақылау Қайта аттестаттау Жоспардан тыс те...

    Есеп

    2026 жылдың 3-тоқсанында Департамент лицензияға қосымша алуға 21 өтінішті және лицензияны қайта ресімдеуге 2 өтінішті қарады.

    2026 жылдың 3-тоқсанында Департамент лицензияға қосымша алуға 21 өтінішті және лицензияны қайта ресімдеуге 2 өтінішті қарады. ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымының өтініші бойынша лицензияға қосымша берілді...

    Есеп

    Павлодар облысының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 2026 жылғы 3 тоқсанның қызметі туралы есеп

    Павлодар облысының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 2026 жылғы 3 тоқсанның қызметі туралы есеп 2026 жылдың 3-тоқсанында Павлодар облысының Педагогикалық этика жөніндегі советінің (бұдан әрі – Совет) 1 отырысы өткіз...

    Басқа

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

    Басқа

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР