Бүгін Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашев Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшылығымен бірлесіп, сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері мен атқарушылық іс жүргізудің нәтижелілігін қамтамасыз етуге арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындаудан жалтарған тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың практикалық аспектілері жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар берешекті өндіріп алудың нәтижелілігін арттыру, атқарушылық құжаттардың нақты орындалуын қамтамасыз ету және борышкерлерге қатысты заңнамада көзделген шараларды уақтылы қабылдау бөлігінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланды.
Кездесу қатысушылары сот актілерінің нақты орындалуы ұзақ уақыт бойы қамтамасыз етілмей отырған проблемалық атқарушылық іс жүргізулерге тоқталды. Мұндай істерге жүйелі талдау жүргізу, орындалу мерзімдерінің созылу себептерін анықтау және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, нысаналы индикаторларға қол жеткізу және сот актілерінің орындалуына бақылауды күшейту бағыттары белгіленді.
Басты міндет – атқарушылық іс жүргізуді формалды түрде жүргізу емес, сот шешімдерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









