Дөңгелекті уақытылы ауыстырыңыз: ШҚО полициясы жүргізушілерді ескертеді
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы нашарлап, алдағы күндері жолдарда көктайғақ күтілуде. Осыған байланысты жүргізушілерге көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындап, қауіпсіздікке ерекше мән беру ұсынылады.
Полиция жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды кейінге қалдырмауға шақырады. Себебі төмен температурада жазғы шиналар өз қасиеттерін жоғалтады, ал тайғақ жолда көліктің тежеу қашықтығы артады.
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, бұл талапты бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Алғашқы көктайғақты күтпеңіз! Көлігіңізді қысқы маусымға қазірден бастап дайындаңыз.
Қысқы дөңгелек – тек заң талабы ғана емес, ең алдымен жолдағы өз қауіпсіздігіңіз бен жақындарыңыздың амандығы! Сақ болыңыздар!
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









