Алдағы демалыс күндері, 28 және 29 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қаланың төрт сауда алаңында ұйымдастырылады.
Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстардың шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Сатып алушылар ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрін өндірушілерден тікелей, делдалсыз сатып ала алады.
Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін төрт сауда алаңында өтеді:
- «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
- «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
- «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3;
- «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Сауда алаңдарына қоғамдық көлікпен жетуге болады.
«Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустары қатынайды.
«Jurt» сауда орталығына № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобустарымен жетуге болады.
«ERA» базарына № 35, 36, 45, 62, 66, 305 және 312 автобустары қатынайды.
«Соғым-FEST» – сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және қысқа азық-түлік қорын дайындау дәстүрін сақтауға мүмкіндік беретін іс-шара.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









