1 / 4
EiraMed— Астанадағы №1 индустриялық парк аумағында орналасқан заманауи фармацевтикалық кешен. Кәсіпорында 150-ге жуық маман еңбек етеді. Мұнда қан мен оның компоненттеріне арналған полимерлік контейнерлер өндіріледі.
Әрбір өнім қатаң сапа бақылауынан өтеді. Зауыттың өнімдері медициналық мекемелерге жеткізіліп, оларды отандық өндірістің қажетті шығыс материалдарымен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қызметі туралы толығырақ бейнеролигімізден көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DgKevXot9TY/
#Астана #Индустриялықпарк #Қазақстандажасалған #Индустриальныйпарк
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








