«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

    1 / 4

    Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында2026 жылғы 19 қарашада«Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, сот актілерін орындау тәртібі, берешекті өндіріп алу, сондай-ақ банктік шоттардан тыйым салуды және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылатын өзге де шектеулерді алып тастау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар,Атқарушылық іс жүргізудің Тараптар кабинеті, сот орындаушыларына жүгіну тәртібін және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары