Бүгін Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің филиалы борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттардың тиісінше орындалуын қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қарасай ауданы прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында атқарушылық құжаттар талаптарының орындалуына, заңнамада көзделген мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға, сондай-ақ сот орындаушыларының заңды талаптарын орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тартудың негіздері мен тәртібіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, осы бағыттағы бірлескен жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









