Алматы облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Мақсат ӘсетұлыБәкір,Qonaev Media телеарнасында подкастқа қатысты.
Подкаст барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау, сондай-ақ бөлімнің негізгі қызмет бағыттары мен атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай ақпараттық алаңдар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және зияткерлік еңбектің нәтижелерін қорғаудың маңыздылығын қоғамға кеңінен жеткізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








