Ақтөбе қаласында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға елеулі үлес қосқан сала еңбеккерлері марапатталды. Олардың қатарында Байғанин ауданының еңбек озаттары да бар.
🔹«Мұңал» шаруа қожалығының басшысы Сауыт Ғазиз Мұңалұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Кәсіпкер мал шаруашылығын дамытумен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне және қайырымдылық шараларына белсенді үлес қосып келеді.
🔹«Бас-Оймауыт» шаруа қожалығының басшысы Дүйсембі Қажымұқан Дүйсенбайұлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Еңбек жолын 1976 жылы бастаған тәжірибелі азамат бүгінде шаруашылықты жүйелі дамытып, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда.
🔹«Айболат» шаруа қожалығының басшысы Балғазин Айболат Нұралыұлы «Үздік малшы» аталымының иегері атанды. Кәсіпкер мал шаруашылығын өркендетумен қатар, туған ауылының қоғамдық өміріне белсене араласып, мәдени және спорттық бастамаларға қолдау көрсетіп келеді.
🔹Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Ел игілігі жолында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың жетістігі – ауданымыздың ортақ мақтанышы.
🔹Ауылдастарымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шаруашылықтарыңыз берекелі болып, елдің өркендеуі жолындағы бастамаларыңыз табысты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









