КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ӨТТІ

    1 / 4

    📚 КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ӨТТІ

    2026 жылғы 6 қарашада Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудан мектептерінің кәсіби бағдар беруші педагогтеріне арналған аудандық әдістемелік отырыс өткізілді.

    Отырыста білім бөлімінің әдіскері Құралай Рахимбаева мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету және әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, нақты жұмыс жоспарын әзірлеу қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар жоспарланған іс-шаралардың оқу жылының соңына дейін жүйелі түрде жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтіп, жаңадан қызметке кіріскен мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.

    Отырыс барысында кәсіби бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау жолдары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығы кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жұмыс жоспарлары қарастырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби бағдар беру бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдер мен озық тәжірибелер жөнінде пікір бөлісті.

    Аталған әдістемелік отырыс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, кәсіби бағдар беру жұмыстарының сапасын жетілдіруге және мектеп оқушыларының саналы түрде мамандық таңдауына қолдау көрсетуге бағытталды.

    📚 Басты мақсатымыз – әрбір оқушының жеке қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, болашағына сенімді қадам жасауына ықпал ету!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары