«Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖӘНТІКЕЙ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ-НЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Абай облысы білім басқармасының конкурстық комиссиясының шешімі негізінде Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» КММ-не қарасты «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Омарғазин Ернат Алматұлы тағайындалды.
2026 жылғы 27 қазаннан бастап жасалған еңбек шартына сәйкес, Ернат Алматұлы аталған білім беру ұйымының директоры қызметіне 5 (бес) жыл мерзімге тағайындалды.
Әріптесімізді жаңа басшылық қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ернат Алматұлына жауапты қызметінде толағай табыс, шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістіктер және жемісті еңбек тілейміз! Басшылығымен білім ордасының абыройы асқақтап, білім сапасы артып, жаңа белестер мен жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









