📚 ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАРДА АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 3 қарашада «Ауылдық мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтарының жұмысын жетілдіру» тақырыбында облыстық вебинар онлайн форматта өткізілді.
Аталған вебинарға Ақсуат ауданындағы «Асыл» балабақшасының әдіскері Абильмажина Сайрамгүл Төлеуханқызы және Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Құралай Қожақанқызы қатысып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы құзыреттілік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында ауданның мектепке дейінгі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, құзыреттілік орталықтарының қызметін тиімді ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелері қамтылды.
Облыстық деңгейдегі іс-шарада Ақсуат ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасынан құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылып, жинақталған тәжірибе облыс педагогтерімен бөлісілді.
👏 Әріптестерімізге тәжірибелерін облыстық деңгейде насихаттап, білім беру саласының дамуына үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!
#Адал_азамат_Абай_облысы_АқсуатӘлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









