Жеке өмірге қол сұғуға жол берілмейді

    Біреуге шамадан тыс көңіл бөлу, оның жеке өмірін үнемі бақылауға тырысу, қайта-қайта қоңырау шалу мен хабарлама жазу, сондай-ақ шақырусыз жұмыс немесе тұрғылықты жеріне келу адамның күнделікті өмірін алаңдаушылық пен қорқынышқа айналдыруы мүмкін.
    Соңынан қалмау ұнату сезімімен, қызғанышпен немесе қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге деген ниетпен ақтауға болмайды. Егер адам араласқысы келмейтінін ашық білдірсе, оның шешімін құрметтеу қажет.
    Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтың 117 дерегін тіркеген.
    Астана қаласының Полиция департаменті әр адамның жеке кеңістігіне, жеке өміріне қол сұғылмауына және қауіпсіздігіне құқығы бар екенін еске салады. Қайталанатын қалаусыз байланыстар, аңду, қорқыту, өзге адамның жүріс-тұрысы мен әрекеттерін бақылауға тырысу – жол берілмейтін әрекеттер.
    Полиция мұндай жағдайларды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Егер сіз қудалауға тап болсаңыз, қудалаушы адаммен жанжалға бармаңыз және қауіпсіздігіңізге қатер төнуі мүмкін жағдайда мәселені өз бетіңізше шешуге тырыспаңыз. Болған жағдайды растайтын хат-хабарларды, қоңыраулар жазбаларын, хабарламалардың скриншоттарын және басқа да материалдарды сақтап қойыңыз. Мүмкіндік болса, жағдай туралы жақындарыңызға хабарлап, жұмыс орныңыздағы әріптестеріңізге немесе күзет қызметкерлеріне ескертіңіз.
    Шектен тыс назар қорқытуға немесе зорлық-зомбылыққа ұласқанша күтудің қажеті жоқ. Полицияға уақытылы жүгіну қажетті шараларды қабылдауға және оқиғаға құқықтық баға беруге мүмкіндік береді.
    Өмірге немесе денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
    Жеке шекараны құрметтеу – қауіпсіздіктің негізі. Өзге адамның араласудан бас тартуын табандылықпен жеңуге тырыспай, оның таңдауын құрметтеу қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары