Алдын алу және бақылау: полиция елордалық нысандарда тексеру жұмыстарын жалғастыруда

    Астана қаласының полиция қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін шегу және кальян пайдалану деректерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық рейдтерді тұрақты түрде жүргізіп келеді.
    Жыл басынан бері құқық қорғау органдары қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелерінде темекі шегу және кальян пайдалану фактілеріне қатысты 9 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді.
    Рейдтердің бірінде полиция қызметкерлері елордалық мекемелердің бірінен құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, келушілердің бірі ғимарат ішінде кальян шеккен. Аталған азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
    Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырады. Сондай-ақ ойын-сауық орындарының иелері өз нысандарында бақылауды күшейтіп, заң бұзушылықтарға жол бермеуі қажет екенін ескертеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары