Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі істер органдары ардагерлері күні аясында Астана қаласы Полиция департаментінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан тәртіп сақшыларының рухына тағзым етіп, олардың ерлігіне, жанқиярлығына және қызметтік Антқа деген адалдығына құрмет көрсетті.
Тәуелсіздік жылдарында елордалық департаменттің 8 қызметкері ерлікпен қаза тапты. Жалпы, қызметтік міндеттерін атқару кезінде 26 полиция қызметкері өмірден өтті.
Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында өз өмірін қиған жандардың есімдері ішкі істер органдарының тарихында мәңгі сақталады. Қаза тапқан әріптестердің жарқын бейнесін қазіргі полиция қызметкерлері мен ардагерлер әрдайым құрметпен еске алады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









