АТЫРАУДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

    1 / 3

    2026 жылдың 29 қазанында Атырау қаласында Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
    Шара аясында өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті қолдауға үлес қосқан бизнес өкілдері атап өтілді.
    Атырау облысындағы географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі — «NURRIZA» жеке кәсіпкері ерекше назарға ие болып, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапатталды.
    Сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өнімдерін танымал етуге және отандық бизнесті қолдауға бағытталған көрмесі ұйымдастырылды.
    Іс-шара кәсіпкерлік қызметтегі адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын дәріптейтін алаңға айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары