2026 жылғы 5 қарашада Атырау облыстық көркемсурет музейінде және Шаймардан Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінде «Бес білезік» республикалық зергерлік симпозиум-көрмесі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен сегіз зергер қатысып, өздерінің авторлық туындыларын онлайн форматта ұсынды.
Көрмеге Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері де қатысып, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, авторлық құқықтарды сақтау және шеберлердің шығармашылық туындыларын заңсыз пайдалануға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Көрме қорытындысы бойынша музей қоры ұлттық мәдени мұраның байлығы мен қазақ зергерлік өнерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейтін «Бес білезік» атты сегіз жаңа бұйыммен толықты.
Атырау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және отандық авторлар мен шеберлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








