Атырау облысында өндірілетін жергілікті балық өнімдері қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді бола түсуде. Өңірдің географиялық нұсқаманың құқық иеленушілердің бірі болып табылатын «Амангелді» ЖШС-нің өнімдері «Тамаша» сауда орталығында ұсынылған.
Кәсіпорын өз өндірісінен шыққан балық өнімдерін арнайы ұйымдастырылған сауда нүктесі арқылы өткізіп, сатып алушыларға жергілікті өнімді тікелей қала аумағынан сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бұл бастама өңірлік тауар өндірушілерді қолдауға, географиялық шығу тегімен байланысты өнімдерді ілгерілетуге, сондай-ақ жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.
Отандық өндірушілерді қолдау арқылы кәсіпкерліктің дамуына және Атырау облысының экономикасын нығайтуға өз үлесімізді қосамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









