АТЫРАУДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    1 / 2

    2026 жылғы 6 қарашада Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Атамекенмен» бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
    Іс-шараға филармония, театр, мейрамхана, кафе, қонақүй, сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ өз қызметінде музыкалық шығармаларды пайдаланатын өзге де кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – авторлық құқықтарды ұжымдық басқарудың Бірыңғай цифрлық платформасын (БЦП) енгізудің үшінші кезеңі аясында кәсіпкерлер арасында алдын ала ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    Жиында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова кіріспе сөз сөйлеп, авторлық және сабақтас құқықтардың маңыздылығын, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары қызметіндегі ашықтық пен тиімділікті арттыру қажеттігін атап өтті.
    Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары Л.Р. Өтешева және аға заңгер А. Ғабдуллина қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары