Жастар радикалды идеялардың құрбанына айналмауы тиіс

    Қызылорда қаласындағы «Орда» колледжінде Қызылорда облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Радикалды идеологияны алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

    Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани және ұлттық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ оларды радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғау.

    Орталық маманы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, этнограф Сәкен Алдашбаев ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға қатысты мәселелерді қозғады. Әсіресе, жастардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға және радикалды топтардың белгілерін ажырата білуіне ерекше назар аударылды.

    – Елдің болашағы жастарға байланысты, – дейді ол. – Өз тарихын жақсы білетін және халқының рухани құндылықтарын құрметтейтін ұрпақ қана қуатты әрі тұрақты мемлекет құра алады. Діни сауаттылық адамның қоғаммен және қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуына көмектеседі. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы діни радикализмнің таралу қаупін азайтып, терроризм мен экстремизмнің алдын ала аламыз.

    Сондай-ақ ол студент жастарды интернеттегі діни мазмұндағы ақпараттарға сақтықпен қарауға және қажет болған жағдайда ақпаратты елімізде ресми тіркелген діни бірлестіктердің сайттарынан алуға шақырды. Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына да жауап берді.

    Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары