2026 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш.Т. Әбдірееваның қатысуымен Qosyl платформасында еліміздің өңірлік әділет департаменттерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық өзгерістер, Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеу тәртібі, туындыларды QazCopyright платформасында тіркеу, сондай-ақ авторлық сыйақы төлеу мәселeлері қаралды.
Авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін қорғауға, музыкалық туындыларды заңды пайдалануға және авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға және зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







