Атырау облысы Әділет департаментінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Бізден сұраңыз – біз қасыңыздамыз» тақырыбында профилактикалық семинар өтті.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатова төрағалық етті.
Семинар барысында Атырау қаласы Полиция басқармасы Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.С. Қарағойшиева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның негізгі себептері мен салдары, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда тиісті органдарға жүгіну тәртібі, көрсетілетін көмек түрлері және құқық бұзушылықтардың алдын алуда әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









