2026 жылғы қазан айында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктерін үздіксіз дамытуға ынталандыру мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы «Білім шыңы» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша педагогтеріміз жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп, қаламыздың абыройын асқақтатты.
Когабекова Асель Тургинбаевна–Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, ІІ орын иегері.
Лупарева Анна Алексеевна–Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, ІІІ орын иегері.
Бұл жетістіктер–педагогтердің жоғары кәсібилігінің, ұстаздық қызметке деген адалдығының, шығармашылық ізденісінің және үнемі кәсіби дамуға ұмтылысының нәтижесі.
Педагогтерімізге толағай табыс, жаңа кәсіби жеңістер, шығармашылық шабыт тілейміз!
Құттықтаймыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









