10 қарашада білім бөлімінің басшысы Н.Онсович пен Шахтинск технологиялық колледжінің директоры А. Саттыбаеваның төрағалығымен оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша қосымша білім беру ұйымдарын Шахтинск технологиялық колледжімен интеграциялау мәселелері жөнінде жумыс кеңесі өтті. Іс-шараға қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, сондай-ақ колледж директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты. Семинар барысында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізудің бірыңғай алгоритмі әзірленді. Іске асыруда алғашқы кезеңі колледж өкілдерінің қосымша білім беру ұйымдарына өзара танысу сапары болмақ.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен механизмдері:
• Инфрақұрылым мен материалдық базаны бірлесе пайдалану: Жоғары сынып оқушыларының арнайы жабдықтарға (шеберханаларға, зертханаларға) қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, Оқушылар сарайы үйірмелерінің жұмысын колледж базасында ұйымдастыру. Студенттердің стартап және дипломдық жобалармен жұмыс істеуі үшін Оқушылар сарайының технологиялық аймақтарын өзара пайдалануы.
• Модульдік оқыту және сабақтастық: Үйірмелерде меңгерілген сағаттарды кейіннен колледжге түсу кезінде артықшылық ретінде есепке алуға мүмкіндік беретін бірлескен білім беру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
• Кадрлық әлеует және практика: Техникалық және шығармашылық бейіндер бойынша кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында колледждің жоғары курс студенттерінің Оқушылар сарайында үйірме қатысушылары үшін тәлімгер рөлінде өндірістік және педагогикалық практикадан өтуін ұйымдастыру.
Аталған бағыт бойынша ведомствоаралық жұмыс жүйелі негізде жалғасатын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









