«Сиқырлы кітаптың ашық әлемі» облыстық семинары
2026 жылғы 12 қарашада мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілген «Оқу сауаттылығы апталығының» қорытындысы бойынша педагогтердің озық іс-тәжірибелерін тарату және жинақтап қорыту мақсатында «Сиқырлы кітаптың ашық әлемі» атты облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Шахтинск және Абай қалаларының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерін таныстырып, кәсіби шеберліктерімен бөлісті.
Педагогтер балалардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған робототехника, ойын әрекеті, инновациялық технологиялар, «Тастардағы оқиғалар», «Сторисек» әдіс-тәсілдері, сондай-ақ театрландырылған іс-әрекет арқылы жүзеге асырылатын тиімді жұмыс түрлерін ұсынып, тәжірибе алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









