2026 жылғы 31 қазанда Қарағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында *ALGA! жобасы аясында 4-сынып оқушылары арасында математика және логика пәндерінен олимпиада* өтті.
Аталған олимпиадаға С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясынан 3 оқушы қатысты:
🔹 Жумахан Диляра – 4 «Б» сынып оқушысы;
🔹 Дарханқызы Ару – 4 «В» сынып оқушысы;
🔹 Жайық Санжар – 4 «В» сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша Жумахан Диляра мен Жайық Санжар жеңімпаз атанды! 🏆
👏 Жеңімпаздардың сынып жетекшілері:
🌷 Абилкадирова А.С. – 4 «Б» сыныбы;
🌷 Абиева А.Ж. – 4 «В» сыныбы.
✨ Енді жеңімпаздарымызды Н. Нұрмақов атындағы мектепке оқуға түсу емтихандарына арналған бір жылдық дайындық курсы күтеді.
🎉 Жеңімпаз оқушыларымызды және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарымызға алдағы уақытта сәттілік, білім жолында биік жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









