Балалар денсаулығына назар: Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

    Медициналық ұйымдар Дүниежүзілік балалар пневмониясына қарсы күрес күні аясында ата-аналарға арналған түсіндіру шараларын қолға алды.

    12 қарашада халықаралық деңгейде Дүниежүзілік балалар пневмониясына қарсы күрес күні аталып өтуде. Бұл күннің басты мақсаты-қоғам мен ата-аналардың назарын балалар арасындағы тыныс алу жолдары ауруларының қаупіне аудару және олардың алдын алу жолдарын кеңінен насихаттау.
    Атаулы күнге орай еліміздің емханалары мен медициналық мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Дәрігерлер ата-аналарға балалар арасындағы пневмонияның алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау, аурудың асқынуына жол бермеу, уақытылы вакцинациялау және ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы кеңестер беруде.
    Мамандардың айтуынша, мемлекеттің әлеуметтік қолдау саясаты мен ата-аналардың бала денсаулығына деген жауапкершілігі ұштасқанда ғана дені сау, қуатты ұрпақ қалыптасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары