ОНКҮНДІКТІҢ БЕСІНШІ КҮНІ — «ҚАУІПСІЗДІК БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ!»

    1 / 6

    Петропавл қаласындағы балабақша-мектеп-интернатта есту және көру қабілеті бұзылған балаларды өрт қауіпсіздігі қағидаларына және қауіпсіз эвакуациялау тәртібіне үйретуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.

    Іс-шара барысында:

    - Өрт қауіпсіздігі жүйелері мен алғашқы өрт сөндіру құралдарының жай-күйі тексерілді.

    - Эвакуация жолдарында бағдарлау бойынша практикалық сабақтар және «Қауіпсіздікті сезін» шеберлік сабағы өткізілді.

    - Ымдау тілі аудармашысының қатысуымен жұмыс ұйымдастырылды.

    - Өрт туралы хабарлаудың жарық және діріл арқылы ескерту құралдары көрсетілді.

    - «Кедергісіз қауіпсіздік» бейнематериалы ұсынылды.

    Қатысушыларға өрт туралы хабарлаудың қолжетімді тәсілдері мен қауіпсіз эвакуациялау жолдары көрсетілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары