2026 жылғы 18 қарашада Есім Шайкин атындағы мектеп-лицей КММ базасында «Күшіміз бірлікте» атты отбасылық спорттық сайыс өтті.
Сайысқа ұйымшыл, тату отбасылар қатысып, өздерінің ауызбіршілігін, ептілігін, жылдамдығын, күш-жігерін және командалық рухын көрсетті.
Қызықты спорттық эстафеталар, көңілді тапсырмалар мен жарқын эмоциялар күтті. Әр отбасы белсенділік танытып, жеңіске деген ұмтылысын және бір-біріне қолдау көрсете білетінін дәлелдеді.
Сайыс қуанышқа, өзара түсіністікке және салауатты бәсекелестікке толы атмосферада өтті. Барлық балалар дипломдармен және осы тамаша күннің естелігі болып қалатын сыйлықтармен марапатталды.
Белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ата-аналар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









