Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз автокөлік» профилактикалық акциясы өтуде

    1 / 4

    Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аудандық бөлімшелермен бірлесіп, «Қауіпсіз автокөлік» атты ауқымды профилактикалық акция өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты – көлік құралдарындағы өрттердің алдын алу.

    Құтқарушылар ерекше назарды қауіптілігі жоғары нысандардың бірі – жанармай құю станцияларына аударды. ЖҚС қызметкерлеріне көлік құралдарына жанармай құю кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша толықтай нұсқамалар жүргізіліп, кенеттен өрт шыққан жағдайда әрекет етудің нақты алгоритмі пысықталды.

    Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері өрт сөндіргішті дұрыс қолдану тәртібін іс жүзінде көрсетіп, әрбір автокөлікте жарамды өрт сөндіру құралының болуы міндетті екенін еске салды.

    Бұдан бөлек, облыс қалалары мен аудандарында автокөлік иелері арасында профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жүргізушілерге автокөліктердегі өрттердің негізгі себептерін түсіндіріп, қатты аяз кезінде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от пен дәнекерлеу шамдарын пайдаланудың қауіпті екенін ескертті.

    ШҚО ТЖД өкілдері атап өткендей, автокөлік санаулы минуттардың ішінде толықтай жанып кетуі мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау, электр сымдары мен газ баллон жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру – қайғылы жағдайлардың алдын алуға, мүлікті және ең бастысы, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары