ШҚО ТЖД қызметкерлері студенттер мен педагогтер арасында сейсмикалық жаттығу өткізді

    1 / 3

    Департамент қызметкерлері нұсқама өткізіп, алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады. Дабыл сигналы бойынша студенттер мен оқытушылар ғимараттан эвакуацияланды немесе қауіпсіз орындарға орналасты.
    Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігін түсіндіріп, адамдардың жиі жіберетін қателіктерін атап өтті. Сондай-ақ жер асты дүмпулеріне дейін, дүмпу кезінде және одан кейін өзін қалай ұстау керектігін еске салды. Қажетті құжаттар, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен жылы киімдер жиынтығы бар «дабыл сөмкелерін» алдын ала дайындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
    ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов атап өткендей: «Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, мұндай жаттығулар кәсіпорындар мен білім беру нысандарында тоқсан сайын өткізіледі. Оның мақсаты – осы табиғи апат кезінде жасалатын іс-қимылдарды автоматты деңгейге дейін жеткізу. Себебі дәл осы дағдылар адам өмірін сақтап қалуы мүмкін».

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары