Бағдарлама аясында балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тақырыптық іс-шаралар, командалық ойындар мен шығармашылық сабақтар ұйымдастырылуда.
Мәселен, Ақтөбе қаласындағы №16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасында «Достық мекені – балабақшада» атты іс-шара өтті.
Мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері командалық ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға қатысты. Балалар мақал-мәтелдерді суреттер арқылы жалғастырып, мнемокестелер көмегімен сөйлемдер құрастырды, танграм әдісі арқылы геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер жасады. Сонымен қатар «Менің қиялымдағы қала» тақырыбында ұжымдық шығармашылық жұмыс орындады.
Мұндай іс-шаралар балаларды өзара қарым-қатынас жасауға, топпен жұмыс істеуге, айналасындағыларға мейірімділік танытуға, үлкенді құрметтеп, жақындарына қамқор болуға үйретеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









