Шалқар ауданының айтыс үйірмесінің жетекшісі республикалық байқаудың жүлдегері атанды!

    Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Жаңа дәуір – жасампаз ел» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
    Еліміздің әр өңірінен келген талантты ақындар бақ сынаған жыр додасында Шалқар аудандық Оқушылар сарайының айтыс үйірмесінің жетекшісі Аруна Керімбек жүлделі ІІ орынды иеленді.
    Суырыпсалмалық өнері мен ақындық шеберлігін танытқан Аруна Керімбекке қаржылай сыйақы табысталды.
    Өңіріміздің мерейін асқақтатқан Аруна Керімбекті шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары